Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды

Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды


27/05/2022
10:58 33769 0

Экс-мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Бұл жөнінде белгілі журналист Михаил Козачков мәлімдеді. 

 

 Бұрғынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өткен түнін елорданың уақытша ұстау изоляторында өткізді. Бейсенбі күні ол ауруханадан шығып,  үйіне барып үлгерді. Сол жерде оны жемқорлыққа қарыс іс-қимыл қызметкерлері ұстады. Ұлттық музейдің басшысы халықаралық көрмелер өткізуге бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке іліккен,  деп жазды Козачков өзінің телегарам арнасында.

 

Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желіде Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде тінту жүргізіліп, экс-министрдің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны жөнінде ақпарат тараған. Кейіннен Мұхамедиұлы халыққа видеоүндеу жасап, министр болып тұрған кезінде атқарған жұмыстарына есеп берген.

Поделиться

Нет комментариев.

27/05/2022 10:58
33769 0

Уведомление